Балалар

Республикалық семинар: Z ұрпақты тәрбиелеу

«Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы. Z ұрпақты тәрбиелеу».
Петропавлда білім беру саласының мамандары бас қосқан жиынға осы тақырып арқау болды. Z ұрпақ деген қандай ұрпақ? Оны қалай дұрыс тәрбиелеу керек? Жиында жан-жақтан келген өз саласының жілігін шағып, майын ішкен мамандар осы турасында пікір алмасты.

МӘДЕНИЕТ ХАБАТ, «Өрлеу» БАҰО» АҚ департаментінің бас маманы:

– Бізде жалпы осы 30 жыл бойғы уақытта жіберіп алған кемшін тұсымыз – тәрбие. Сондықтан, біз осы осал тұсымызды қалай жетілдіреміз, қайтіп жақсартамыз? Қазіргі жалпы әлеуметтанушы ғалымдардың айтуына қарағанда адамдардың өсу процесіндегі кезеңдерді 20 жылдың арасымен ұрпақтар кезеңіне бөледі. Біз сол ұрпақтар кезеңінің қазіргі ең соңғы жасанды интеллект дәуірінің Z ұрпақтарын қалай тәрбиелейміз? Біз ұлттық құндылықтарымызды қалай береміз? Ы.Алтынсарин атындағы ғылым академиясы бар. Сол академияның шығарған біртұтас тәрбие бағдарламасы бар. Осы бағдарламаға негіздей отырып 2-ші модульді тұтас осыған арнап отырмыз.

Мамандардың айтуынша, қазіргі баланың бойына ұлттық құндылықтарды сабақпен байланыстыра отырып сіңіру қажет.

ГҮЛМӘЙДА МҮСЕТАЕВА, «Өрлеу» БАҰО» АҚ СҚОФ педагогика және пәндік әдістеме кафедрасының аға оқытушысы:

– Біртұтас тәрбие бағдарламасы жұмыс істеп жатыр мектептерде. Оны бүгінде педагогтер қауымы жүзеге асырып жатыр білім беру ұйымдарында. Үш бағыт: ұлттық мүдде, талап және ар-ұят.

Қазір – гаджеттердің дамыған заманы. Қолдан көп жағдайда кітап емес, телефон түспей жатады. Елордалық білікті маман Мәдениет Хабат
ендеше заманауи технологияның өзін өз уақытыңа бағындырып, бейберекет емес, жөнімен әрі тиімді пайдалана білу керек дейді.

МӘДЕНИЕТ ХАБАТ, «Өрлеу» БАҰО» АҚ департаментінің бас маманы:

– Барлығымызда бар жай гаджеттер, телефондарды алып қарасақ, бұрын ондай дүние болған жоқ. Ол заманмен салыстыруға болмайды. Салыстыруға болмайды дегеніміз – сол замандағы ұлттық құндылықтарды жойып жіберу дегеніміз емес. Мәселе – сол заманның қазіргі заманнан артықшылығы, ол – гаджеттер. Себебі, қазіргі қолымыздағы телфондармен, гаджеттермен біз өзімізді тез дамыта аламыз.

Жалпы, семинарға 140-қа жуық адам қатысты. Оның арасында мектеп, ұйым өкілдері ғана емес, ата-аналар қауымы да болды.

 

Мәдина Қаби