Экология

Өңірдегі өзен-көлдерде аэрация жұмыстары жүріп жатыр

Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін шағы. Қыстың соңы, яғни ақпанның аяғы мен наурыздың басы су астындағы бармақтай балыққа да қиын соғады екен. Әсіресе, шағын су қоймаларындағы жағдай күрделі. Осы кезде мұз астындағы ауаның азаятындығы соншалық, балық қырылып қалуы мүмкін.

Суды ауаландыруды аэрация деп атайды. Мамандар әуелі мұз астындағы ауаның көлемін шамалайды. Пёстрое көліндегі көрсеткіш литріне 2,8 мг деп топшыланып отыр.

АМАНГЕЛДІ ҚАЖЫҒАЛИЕВ – СҚО балық инспекциясы бөлімінің бас маманы:

– 167 балық шаруашылығы субъектісінде 330 су айдыны бекітілген. Жылда су айдындарында аэрация іс-шараларын жүргіземіз желтоқсаннан бастап наурыз айына дейін.

Жалпы, мамандардың айтуынша өңірдегі су айдындары таязданып бара жатыр екен. Бұл судағы тіршілік иелеріне кері әсер етуі мүмкін.