Спорт

Волейболдан әйелдер арасында ел чемпионаты бастау алды

Петропавлда волейболдан әйелдер командалары арасындағы 32-ші ел чемпионатының 4-ші туры. Ұлттық лигаға қатысып жатқан команда саны – 9.

ЕРМЕК СЫРЛЫБАЕВ, жарыстың бас төрешісі:

– Ортаңғы орындар үшін Жетісудан келген “Айқаракөз” және өскемендік “Алтай” командасы мен қарағандылық құрама ойнайды. Ал “Қуаныш” командасы 1-ші орынға шығуы үшін екі бірдей ойында жеңіске жетуі қажет. Қалған төрт команда 2-шіден бастап 5-ші орындарға дейін бақ таластырады.

Бүгін 2 кездесу болады. «Алматы» мен «Жетісу», «Тұран» мен «Қуаныш» командалары ойнайды. Болжам бойынша медальдар үшін таласқа түсетіндер де осылар.

АНАСТАСИЯ БАВЫКИНА, «Қуаныш» ВК капитаны:

– Біз кешке “Тұран” командасымен ойнаймыз. Негізі, олардың әдіс-тәсілін, техникасынан хабардармыз. Ойыншылары шапшаң, мықты командалардың бірі. Бұған дейін кездесулердің бірінде біз оларды жеңдік. Бүгін қалай болатыны белгісіз. Жеңеміз деген үміттемін.

ЕРМЕК СЫРЛЫБАЕВ, жарыстың бас төрешісі:

– Біз “Қуаныш” командасының ойын өрнегін тамашалап та, қолдап та отырамыз. Себебі, олар сәуір айында өтетін Азия чемпионатында Қазақстанның намысын қорғайды. Өтетін жарыс клубтар арасындағы әлем чемпионатына ресми іріктеу болып саналады. Біз барлығымыз ең мықты құраманың ұтқанын қалаймыз. Мақсат – әлем чемпионатына жолдама ұтып алу.

Ұтылған тоғызыншы команда турнирден шығып қалады. Чемпионаттың келесі кезеңі, яғни финал наурызда Түркістан қаласында өтеді.

 

Мәдина Қаби