Білім

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханаға – 90 жыл

Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама! Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік кітапханалар желісі 318 кітапханадан және 705 кітапханашыдан тұрады. Ал жалпы кітап қоры 4 миллионнан асады. 1 млн 700 мыңнан астамы мемлекеттік тілде жазылған. Есептеулерге сүйенсек, аққайыңдар өлкесінде 226 мыңға жуық оқырман бар. Олар алтын қазына сақталған мекемелерге 3 млн 300 рет барыпты. Бұлардың арасында Петропавлда орналасқан Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқырмандары да бар.

КӨГЕРШІН БЕРДІҒҰЛОВА, Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасының директоры:

– Былтырғы 2023 жылға тоқталып кетсек, оқырмандар саны – 16 355 адам. Оқырмандардың келу саны – 151 500 адам. Кітаптарды беру саны – 301 150 дана. 2024 жылғы 1 қаңтарда кітап қоры 215 627 дананы құрады, оның ішінде мемлекеттік тілде – 29 353 дана.

Баспасөз мәслихатында Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың директоры Бейбітгүл Әбілмәжинова да сөз алды. Оның айтуынша, биыл жалпы қоры 700 мың еңбекті қамтитын іргелі қара шаңырақтың құрылғанына – 90 жыл. Осыған орай ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді, робототехника кабинеті ашылады және “Жас кітапханашы” байқауы ұйымдастырылмақ.

 

Байболат Құлтанов