Мәдениет

Петропавлға театр сыншылары келді

С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрына қазақстандық және ресейлік сыншылар келді. Қара шаңырақта сахналық өнер өкілдерінің қатысуымен баспасөз-конференциясы өтті. Жиыннан кейін қонақтар режиссер Әлібек Өмірбекұлының “12 минут” қойылымын тамашалайды.
Театр сыншылары Қызылжарда үш күн болады. Үш күннің ішінде төрт спектакль тамашалайды. Сарапшылардың қатысуымен жас актерлерге арналған шеберлік сағаттары ұйымдастырылады. Білікті мамандар мұндай кездесулердің өзара тәжірибе алмасуда және әріптестікті нығайтуда көмегі зор деп санайды.

ЕКАТЕРИНА МОРОЗОВА, “Золотая маска” ресейлік ұлттық театр сыйлығы эксперттік кеңесінің төрағасы:

– Әдетте қазақстандық ұжымдармен белгілі бір іс-шара барысында жүздесіп жүрдім. Оның өзінде уақыт тығыз болады. Арнайы келіп, ұжыммен жіті танысып, көзқарасын, пікірін біліп, тәжірибе алмасудың жөні бөлек. Бізге ұсынылған спектакль реті қызықты деп ойлаймын. Бұл театрда заманауи көзқараспен құрылған, заманауи режиссурадағы спектакльдер де, ұлттық мәдениет пен дәстүрлі көзқарасқа арналған қойылымдар да бар.