Құқық қорғау органдары

Қаңғыбастардың дені 33-45 жаста

Қалада үй-күйсіз көше кезіп жүрген қаңғыбастар аз емес. Күн суықта тентіреп жүргендер сақылдаған аязда үсіп қалмаулары үшін қалалық полиция басқармасының қызметкерлері күнделікті рейдке шығып жүр. Олар жылу құбырларын, құдықтарды, базар маңын, шатырлар мен жертөлелерді тексереді.

БОЛАТ БАЙМАҚАНОВ, қалалық ПБ қабылдап-тарату орнының бастығы:

– Петропавл қаласы полиция басқармасы қабылдап-тарату орнына жыл басынан бері тұрғылықты мекенжайы жоқ 284 адам жеткізілді. Оның ішінде соттың санкциясымен орналастырылды. Барлық жеткізілген тұлғалар тізімдік есепке қойылды.

Полиция қызметкерлері әрқайсысын іздеуде жүрген, хабар-ошарсыз жоғалған немесе қылмыс жасады деп тіркелгендердің тізімі бойынша тексереді. Қабылдап-тарату орнына күн сайын 33-45 жас аралығындағы 20-ға жуық адам жеткізіледі екен. Қазіргідей аязды ауа райында бұл жұмыс әдеттегіден күшейтіле іске асырылуда. Олар қажетті тексерулерден кейін түнеу орнына жөнелтіледі.

БОЛАТ БАЙМАҚАНОВ, қалалық ПБ қабылдап-тарату орнының бастығы:

– Күн сайын қабылдап-тарату орнының іріктеу тобы тұрғылықты мекен-жайы жоқ тұлғаларды Жұмысшы кентінде орналасқан түнеу орнына жеткізеді. Тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғаларды кезіктірген жағдайда қабылдау-тарату орнының кезекші бөліміне 52-92-99 немесе «102» нөміріне хабарласу қажет.

Жыл басынан бері қабылдап-тарату орнына 20-дан астам адам орналастырылған.

 

Ақжүніс Мұқатай