Қазақстан жаңалықтары

Елімізде урбанизацияның төмен өсуі туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді

“Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бүгінде қала халқының үлесі 62% – ға жетті. Алайда, Қазақстанда урбанизация деңгейі жан басына шаққандағы табыс деңгейі ұқсас елдерге қарағанда шамамен 10% – ға төмен болып қалуда. БҰҰ Орта мерзімді кезеңде Орталық Азия өңірінде халық саны артады деп болжап отыр”, – деді Мәулен Әшімбаев Сенаттағы Үкімет сағатында.

Оның айтуынша, бұл процесс халықты жұмыспен қамту және тұрғын үйге қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселесін өзектендіреді.

“Сонымен қатар, біз ауылдық аумақтарды дамыту туралы ұмытпауымыз керек. Ауылда халық санын сақтау да стратегиялық міндет болып табылады. Осы тұрғыдан “ауыл аманаты” бағдарламасы өзінің тиімділігін көрсетті. Шағын несиелердің арқасында ауылда 12 мыңнан астам жұмыс орны құрылды”, – деп толықтырды Сенат спикері.