Экономика және қаржы

Бағыңды сынап, шағын гранттың иесі атан!

Талапты жастардың құлағына алтын сырға! Қазақстанда «ZHAS PROJECT» шағын гранттар конкурсы басталмақ. Оның аясында
NEET санатындағы немесе уақытша жұмыссыз қыз-жігіттер мемлекеттен қайтарымсыз негізде ақша алып, жобаларын жүзеге асыра алады. Аса тиімді бастаманың бүге-шүгесін астанадан арнайы келген мамандар баян етті.

ШЫҢҒЫСХАН ҚОЖАХМЕТОВ, «ZHAS PROJECT» жобасының жетекшісі:

– Әлеуметтік жобалар байқауы бастау алатын болады. Шағын гранттардың көлемі – 1 млн теңге. Жобаларды іске асыру мерзімі 4 айды құрайды.

«ZHAS PROJECT» – Қазақстанда дәстүрге айналған жоба. Былтыр бұл бастаманың игілігін 18 бен 35 жас аралығындағы бірсыпыра отандасымыз көріпті. Ескерер жайт, биыл еліміз бойынша 280 грант ұсынылады, оларды үздіктердің үздігі ғана иеленеді.

ШЫҢҒЫСХАН ҚОЖАХМЕТОВ, «ZHAS PROJECT» жобасының жетекшісі:

– Наурыз айының соңында құжаттарды қабылдау басталады. Ол 1 айға созылады. СҚО-ға 8 грант берілмек.

Ел көлеміндегі байқау көктемнің соңғы айына дейін жалғасады. Алдын ала әзірленген жоспар бойынша жеңімпаздардың есімі 15 мамырда жария етілмек.

 

Байболат Құлтанов