СҚО әкімдігі

Қызылжар ауданында жаңа әкім

Сақтаған Кәкімбекұлы – 1981 жылы Ақмола облысындағы Тассуат ауылында дүниеге келген. Ол еңбек жолын 2004 жылы Астана қаласы Ішкі саясат департаментінің талдау және мониторинг бөлімінің маманы қызметінен бастаған.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Сақтаған Кәкімбекұлы- 43 жаста. Ақмола облысының тумасы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясын түлегі. Нұр Отан және АMANAT орталық аппаратында әртүрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарды. Мемлекеттік қызметтерде және қоғамдық ұйымдарда жұмыс тәжірибесі бар.

Сақтаған Сәдуақасов меритократия қағидатына сәйкес маманнан бастап басшылық лауазымдарға дейінгі жолдан өтті. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жаңа аудан әкіміне бірқатар міндет жүктеді.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Аудан бойынша инвестиция 117 пайызды құрады. Ал, өнеркәсіп 107, құрылыс 190, тұрғын үйді пайдалануға беру 106 пайызды құрады. Жалпы, қазір егін науқанына дайындық жүріп жатыр. Тұқым сорттарын жаңарту, су жаңа техника сатып алу істерін қызу жүргізу керек. Сондай-ақ, ауданға инвестиция тарту ісіне де көңіл бөлу керек.

САҚТАҒАН СӘДУАҚАСОВ, Қызылжар ауданының әкімі:

– Құрметті жиналған қауым біріншіден осындай лауазымға тағайындап, сенім білдіргендеріңіз үшін алғыс айтамын. Екіншіден, алдымызға қойған мына мақсаттар пен міндеттерді орындауға дайынбыз.

Айта кетейік, Қызылжар ауданы әкімі лауазымын бұған дейін қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанат Сәдуақасов атқарған еді.