ТКШ

Электр энергиясы қымбаттады

Солтүстік Қазақстан облысында бүгіннен бастап электр энергиясы қымбаттады. Орын алған өзгеріске қатысты «Севкаэнергосбыт» серіктестігінің бас директоры Мағауия Сағандықов арна тілшілеріне түсініктеме берді. Қазіргі таңда аталған ұйым 165 мыңнан астам абонентке қызмет көрсетеді. Петропавлдықтар мен 8 ауданның тұрғындары үшін тариф 3,85 теңгеге өсті. Бұл – Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаментімен келісілген баға. Айта кетейік, аққайыңдар өлкесінде электр энергиясының құны соңғы рет осыдан 7 жыл бұрын көтерілген.

МАҒАУИЯ САҒАНДЫҚОВ, «Севказэнергосбыт» ЖШС бас директоры:

– Энергиямен қамту қызметінің құны бірқатар себепке байланысты өсті. Алғашқы себеп – мамандардың табысын арттыру қажет. Бұл мәселе бірнеше жылдан бері өткір тұрған еді. Бұдан бөлек, біз «Тарифті инвестицияға айырбаста» бағдарламасына қатысып жатырмыз. Яғни, салаға қаржы құямыз. Осының нәтижесінде коммуналдық қызмет түріне бекітілген бағаны өзгерте аламыз.

 

Гүлден Сембаева