Экология

СҚО-да жерасты суын заңсыз өндіру фактісі анықталды

Судың да сұрауы бар. Аққайың ауданындағы орман шаруашылығының лауазымды тұлғалары ҚР Су кодексінің 66-шы бабының талаптарын бұза отырып, ұңғыма қазып, одан ешбір рұқсатсыз су алып келген. Осыған ұқсас факті тағы 19 мемлекеттік органда анықталды. Заңға қайшы әрекетке барған мекемелер: Жамбыл, Қызылжар, Есіл аудандарының білім бөлімдері, Айыртау, М.Жұмабаев, Мамлют, Тайынша, Тимирязев аудандары әкімдерінің аппараты, “Пресновка”, “Булаев” және “Есіл” орман шаруашылықтары. Облыс прокуратурасының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының қадағалау актісі бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ӘҚБтК-нің 141-ші бабы бойынша жалпы сомасы – 423 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Тиісті рұқсат құжаттарын алу бойынша шаралар қабылдануда.