Экономика және қаржы

Қаңтар айында 134 мыңға жуық адам ҰБТ тапсырды

Қаңтар айында ел бойынша 134 мыңға жуық адам ҰБТ тапсырды. Талапкерлердің 76,4%-ы – қазақ, 23,5%-ы – орыс, ал 83 адам ағылшын тілінде білімдерін сынады, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі. Жастардың 77,5%-ға жуығы шекті балды жинапты.
72 талапкер болса 130-дан жоғары ұпайды қоржынға салған. Маңызды емтихан барысында 157 ереже бұзушылық анықталған. Оның ішінде 107 түлек смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Сонымен қатар, тестілеу кезінде аудиториядан 50 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылыпты.

 

Байболат Құлтанов