ТЖ

Қар құрсауынан 8 адам құтқарылды

Бүгін төтенше жағдайлар қызметінің мамандары 8 адамды қар құрсауынан құтқарды. Оның 3-еуі – бала. 112 нөміріне таңғы 5-терде Ақжар ауданындағы Бостандық ауылының маңында тұралап қалған 2 көліктен шақырту түседі. “ТРЭКОЛ” көлігімен келген ақжарлық құтқарушылар жақын жердегі Бостандық ауылында тұратын туыстарына жеткізеді. Тұрғындар дін аман, ешқайсысына медициналық көмек қажет болмаған.

 

Гүлден Сембаева