Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі жедел медициналық көмек орталығында болды

Өңір жетекшісі Ғауез Нұрмұхамбетов облыстық жедел медициналық көмек орталығында болды. Мұнда күніне 500-ден астам қоңырау келіп түседі.
Жедел жәрдем қызметі орналасқан ғимарат тозған. Қазіргі уақытта бұл мәселенің шешімі қарастырылып жатыр.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Жедел көмек қызметкерлері аса маңызды жұмысты атқарып отыр, сондықтан оларға барынша қолайлы жағдай жасау керек. Қазір орталық орналасқан ғимарат талапқа сай емес. Мәселені шешу үшін бірнеше нұсқа қарастырылып жатыр. Мамандардың пікірін ескере отыра нақты шешім қабылданады.

 

Гүлден Сембаева