Өнеркәсіп

Былтыр өңірдің өндіріс саласында 647,6 млрд теңгенің өнімі өндірілген

Статист мамандар ұсынған ақпармен бөлісеміз! Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында Солтүстік Қазақстан облысының өндіріс саласында 647,6 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Мұндай көрсеткішке қол жеткізуге тартылған инвестиция септігін тигізіп отыр. Былтыр сала аймаққа құйылған қаржы көлемі бойынша үздік үштікке кірген. Секторда еңбек ететін адамдардың да саны ұлғаюда. Қазір 23,5 мың теріскейлік тер төгіп жатыр. Олардың басым бөлігі қайта өңдеу бағытында жұмыс істейді.

 

Байболат Құлтанов