Мандат

“Мандат” бағдарламасының кезекті қонағы – Тайынша аудандық мәслихатының депутаты Алмас Нұрахмет

Алмас Жолдасұлы Тайынша қаласындағы Nº2 сайлау округінен сайланып отыр. Бүгінге дейін 15 коғамдық қабылдау өткізген. Тұрғындар түрлі мәселемен келген. Жол жөндеу, аумақты абаттандыру, рецепт бойынша тегін алатын дәрі-дәрмектің кешігуі жайында сұрақ карастырылыпты. Алмас Нұрахмет – “Атамекен” кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры. Осы ретте ауданда бизнестің дамуына және кәсіпкерлер көтерген түйткілдерді шешуге қалай ат салысып жүргендігі жайлы айтты.

Депутат “Ауыл аманаты” бағдарламасы бойынша несие алу барысында ауылдан ұсынылатын кепілдің арзанға бағаланатындығына тоқталып, мәселені шешуде ұсынысын білдірді.