Балалар

Әскери қызметшілердің балаларына арналған ертеңгілік

6637 әскери бөлімі қызметшілерінің балаларына арналған ертеңгілік Жастар сарайында өтті. 6637 әскери бөлімі командирінің орынбасары Шухрат Ашимов өңір бүкіл ұжым атынан Жаңа жылмен құттықтады.

ШУХРАТ АШИМОВ, ҚР ҰҰ 6637 әскери бөлім командирінің орынбасары:

– 6637 қолбасшылығының атынан, бүкіл жеке құрамның атынан ардагерлерімізді, қала тұрғындарын және өзіміздің әскери қызметшілерімізді құттықтай отырып оларға зор денсаулық, ашық аспан, жаңа табыстар тілеймін. Жаңа жыл жаңа бақыт, жаңа сыйлықтар да алып келсін!

Мұнда әуелі жаңажылдық қойылым қойылды. Сахналық көрініс «Кішкентай айдаһардың жаңажылдық шытырманы» деп аталады.
Ертегіде түрлі жағдайға тап болған кейіпкер кедергілерді еңсерудегі тапқырлығын көрсетеді. Сахнадағы декорация мен әртістердің киім киісі кішкентай көрермендерді баурап алды. Басты көрермендер – 2-3 жасар балалар. Олардың ата-аналары ертеңгіліктің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

– Спектакль қатты ұнап жатыр. Өзіме де, қызыма да қатты ұнады. Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Әр отбасыға тілерім тек денсаулық, мол бақыт, ашық аспан. Әр отбасында береке-бірлік болсын!

– Жаңа жыл кеші жақсы өтуде. Балаларға да ұнап жатыр. Тамашалауға балаларымызбен бірге келдік. Келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын.

– Барша қазақстандықтарды, әскери қызметшілерді, сала ардагерлерін келе жатқан Жаңа жыл меркесімен құттықтаймыз. Баршасына зор денсаулық, зор бақыт. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Шара соңында Аяз ата мен Ақшақар балаларға тәтті сыйлықтар тарту етті.

 

Мәдина Қаби