СҚО әкімдігіАптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі өңір кәсіпкерлерімен кездесті

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың айтуынша, өңірдегі кәсіпкерлік саласында оң өзгеріс байқалады. Мәселен, 2021 жылдан бері облыстағы кәсіпкерлік субъектілердің саны 5 мыңға өскен. Қазір барлығы 35,2 мың шағын және орта бизнес субъектісі бар. Мұнда жалпы өсу қарқыны 107,9 пайызды құрап отыр.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– 2023 жылы орта және шағын бизнесті қолдауға бөлінген қаражат 12,6 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде, субсидиялауға – 10,6 млрд теңге, кепілдікке – 820 млн, мемлекеттік гранттарға 37 млн теңге бөлінді. Ал өндірістік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге 1,1 млрд теңге жұмсалды.

Жиында алғашқылардың бірі болып Елена Погорелец сөйледі. Ол-Солтүстік Қазақстан фармацевтикалық ұйымдар қауымдастығының өкілі. Кәсіпкерді толғандырған мәселе – медициналық оптика саласындағы кадр тапшылығы.

ЕЛЕНА ПОГОРЕЛЕЦ, СҚ Фармацевтикалық ұйымдар қауымдастығының өкілі:

– Қазір бізде медициналық оптика бойынша кадр тапшылығы байқалады. Яғни, біздің өңірде оларды оқытатын арнайы оқу орны жоқ. Сондықтан, Солтүстік Қазақстан медициналық колледжінде оптикометрист, медициналық оптик, оптик-офтальмолог мамандықтарын ашу керек деп ойлаймын.

ҚҰМАР КҮСЕМІСОВ, СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Бұл мәселені қарастырдық. Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінде осы сала бойынша «біліктілікті арттыру» курсын ұйымдастыруды жөн деп шештік. Мұндай курстарды ашуға колледж де қызығушылық танытып отыр. Енді, оқимын деушілер курсқа қатысуға өтініш берсе болғаны.

Ольга Усолцева мектеп асханаларындағы ыстық тамақтың құнын көтеру керек деген пікірде. Азық-түліктің бағасы қымбаттап жатыр. Сондықтан, тамақты 500 теңгеден сату тиімсіз.

ОЛЬГА УСОЛЬЦЕВА, «БОТАҚАН» ҚБ төрағасы:

– Қазіргі таңда мектеп оқушыларына берілетін ыстық тамақтың құны – 500 теңге. Өткен жылғы инфляция 20 пайыз және биылғы жылы бағаның өсуін байқайтын болсақ, бұл баға біз үшін тиімсіз. Сондай-ақ, сапалы қызмет көрсету жайын да ескеру қажетпіз.

Облыстық білім басқармасы басшысының айтуынша, келесі жылдың бюджетінде 1-4-ші сыныптар үшін түскі ас 614 теңгеден есептелді. Ал Виктория Усольцева туризм саласына қатысты мәселені көтерді. Кәсіпкер жылда студенттер арасында туристік слет өтіп тұрғанын қалайды.

ИЛЬДАР ЫСМАҒҰЛОВ, СҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы:

– 2024 жылы осындай слеттар үшін бюджеттік өтініш беруді және салалық туризм кеңесімен бірлесіп өткізуді жоспарлап отырмыз. Палатадан тиісті хат алдық және осы бағытта жұмыс істейтін боламыз.

Облыс әкімі осы орайда туристік слеттерді Айыртаудағы Имантау-Шалқар табиғи аймағының аумағында өткізу бұл аймақтың дамуына өз септігін тигізетінін айтты. Бұл жастар үшінде пайдалы іс болмақ.