Өнеркәсіп

Арнайы экономикалық аймақтарды дамыту үшін 369 млрд теңгеден астам қаржы керек

Елдегі арнайы экономикалық аймақтарды дамыту үшін 369 млрд теңгеден астам қаржы керек. Бұл туралы LS ақпараттық агенттігі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сүйене отырып хабарлады. Аталған аумақтардағы инфрақұрылымның құрылысына арналған қаржы республикалық бюджет пен Ұлттық қордан бағытталуы тиіс. Сондай-ақ, қаржы тартудың өзге де механизмдері қарастырылып жатыр. Аталған бағытта биылғы жылдың 3-ші тоқсанында барлығы – 423 млрд теңгеден астам ақша бағытталған. 14 арнайы экономикалық аймақтың 3-еуі бастапқы кезеңде жүзеге асырылып жатыр. Тағы үшеуінің инфрақұрылымы 50 пайызға тартылған. Олар: “Павлодар”, “Морпорт Ақтау” және “Qyzyljar”. Жоба қатысушылары 3 трлн теңгеге жуық қаржы құйған. Барлығы – 670 жоба жүзеге асырылып жатыр. 25 мыңнан астам жұмыс орны құрылып, 8 трлн теңгеге жуық соманың өнімі өндірілген. Нәтижесінде бюджетке 401,6 млрд теңге салық түскен. Бұл мемлекет тарапынан инфрақұрылым құрылысына жұмсалған қаражат қайтарымының 95%-ын құрайды.