Денсаулық сақтау

Жас мамандар өзара жарысты

Облыстық көпбейінді аурухана басшылығы білікті мамандарды өңірге тартып жатыр. Олар еліміздің түкпір-түкпірндегі медициналық оқу орнындарына барып, жастарды теріскей өңіріне шақырыпты.

СӘКЕН ӘМРИН, облыстық көпбейінді аурухананың бас директоры:

– Биыл қатарымызға 19 жас маман келіп қосылды. Дегенмен, бізде әлі де кадр тапшылығы бар. Әсіресе, гинеколог, гастроэнтеролог пен эндокринолог керек. Барлық қажеттіліктермен қамтуға дайынбыз. Сонымен қатар, келушілерге өз мамандығына қарай 1,5 млн мен 3 млн-ның арасында көтермеақы береміз.

Бүгін су жаңа мамандар тез тіл табысып, өзара араласулары үшін аурухана қабырғасында “Мозгобойня” ойын түріндегі жарыс ұйымдастырылды. Жеті сұрақтан тұратын жеті кезеңде дәрігерлер топтаса жұмыс істейді. Нұрлыайна Тілеуқұл – теріскейдің тумасы. Ол
Аламаты қаласында білім алды.

НҰРЛЫАЙНА ТІЛЕУҚҰЛ, облыстық көпбейінді аурухананың акушер-гинеколог дәрігері:

– Қатты қобалжып тұрмыз. Бірақ, қаладағы басқа аурухналардағы дәрігерлермен танысатынымызға өте қуаныштымын. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін!

Сайыста сұрақтарға барынша дұрыс жауап берген топ жеңіс тұғырынан көрінеді. Айта кетейік, облыстық ауруханаға әлі де 6 дәрігер керек.

 

Ақжүніс Мұқатай