Қазақстан жаңалықтары

Big Data мүмкіндіктерін пайдаланудың арқасында 6,3 млн қазақстандық отбасының деректері цифрландырылды

Бұл технология Қазақстандықтарда қандай мемлекеттік қызметтер көбірек сұранысқа ие екенін анықтауға мүмкіндік берді.

“Біз сондай-ақ Big Data мүмкіндіктерін пайдаланамыз. Бүгінгі таңда 6,3 млн отбасының деректері цифрландырылды. Осының арқасында біз адамдарға қандай қызметтер көбірек сұранысқа ие екенін білдік. Бұл 18 әлеуметтік маңызы бар қызмет, көп балалы отбасыларға, асыраушысынан айырылған мүгедектігі бар адамдарға берілетін жәрдемақылар мен төлемдер. Бұл қызметтер белсенді түрде көрсетіледі. Олардың саны 800 мыңға жуық”, – деді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Үкімет отырысында.