Соның бірі – басшыларға мемлекеттік және құқық қорғау органдарында жұмыс істеуге тыйым салу және қаруды иелену құқығынан айыру. Депутаттың сөзінше, отбасыдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңдардың орындалуына қатаң бақылау жасалуы және гендерлік саясатты жетілдіру керек. Оған қоса көп алдында әйелдер мен балалардың құқығын жоққа шығарғаны үшін жазалануға тиіс. Оның айтуынша, жаңалықтарда күн сайын зорлық-зомбылық пен қорлық көрсету туралы айтылып жатыр, ал уәкілетті тұлғалардың немқұрайлы көзқарасы мен сыбайлас жемқорлық бұл мәселені толық шешуге мүмкіндік бермей келеді.