Қоғам

Петропавлда 5 қабатты үйден өрт шықты

Кеше қалада Алтынсарин көшесіндегі 5 қабатты үйден өрт шықты.
Сағат 20.00-де бас көтерген тілсіз жау 1-ші қабаттағы 2 бөлмелі пәтерді жалмай жаздаған. Төтенше хабарды естіген өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минутта жетті.
Отты сөндіру барысында құтқарушылар 30 адамды сыртқа шығарды. Оның 9-ы – бала. Үйде жеке заттар өртенген. Оттың шалған аумағы 7 шаршы метрді құрайды. 59 жастағы ер адам көмірқышқыл газынан улану белгілерімен ауруханаға жеткізілді. Өртті сөндіруге 14 адам мен 4 техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі мен келген залал көлемі анықталып жатыр.