Қоғам

Бас бостандығынан айырылғандар баспана кезегіне тұруда

Темір тордың ар жағында отырған нәзікжандылар тұрғын үй кезегіне тұруда.
Биылдан бастап оларға осындай мүмкіндік беріліп отыр. Бостандыққан шыққаннан кейін қоғам бейімделіп, қатарға қосылып, баспаналы болу әуелі kezekte.kz сайтына тіркеледі екен. Жазасын өтеушілер түрмедегі өндіріс орындарында жұмыс істеп тапқан ақшаларының тең жартысын арнайы есепшотқа аударып отырады. Есепшот – Отбасы банкінде. Ипотека рәсімдеу үшін жинақ көлемі 3 млн теңге болуы керек. Бұл – бір бөлмелі үйге қажет қаражат. Любовь Демченконың жазасын өтеп жатқанына – 5 жыл. Таяу арада бостандыққа шығады. Өзі зейнеткер болған соң кірісінің тең жартысын есепшотқа аударуды жалғастырады.

ЛЮБОВЬ ДЕМЧЕНКО, жазасын өтеуші:

– Мен үй кезегіне тұрдым. Тапқан табысымның тең жартысын баспанаға салып отырамын. 1-2 күнде бостандыққа шығамын. Мұндай мүмкіндік – біздің алға мақсат қойып, қоғамға бейімделіп, өз баспанамызға қол жеткізуде зор демеу.

№50 мекемесінде жазасын өтеп жатқандардың арасынан 8 адам үй кезегіне тұрмақшы болған. Кейбірі белгілі бір талаптарға сай келмегендіктен 5-уіне ғана есепшот ашуға рұқсат беріліпті. Арман еткен баспана – бір бөлмелі.

ЗАРИНА БАЙҚАДАМОВА, СҚО ҚАЖД №50 мекемесінің баспасөз хатшысы:

– Арнайы талаптар бойынша жүргізіледі. Яғни, сотталған адам 1-ші немесе 2-ші топтағы мүгедек адам болу қажет және зейнеткер болуы керек. Сонымен қатар, жалғызбасты ана болуы қажет. Бұл жерден шықаннан кейін олар жұмысқа орналасады. Түскен жалақыдан өздерінің шоттарына ақша аударып отырады.

Жалпы, бұл №50 мекемеде 250-ден астам әйел жазасын өтеп жатыр.