Қазіргі алмалы-төкпелі заманда әскери білім жетілдіруді қажет етеді. Көш соңында қалмау үшін елімізге озық ойлы әрі батыл жастар қажет. Бұл мәселе Абылай хан резиденциясында өткен республикалық жиында көтерілді.
ЖАНБАТЫР САРТАЕВ, медицина ғылымдарының докторы, ҚР және РФ ғылым академиясының профессоры:
– Қазіргі таңда жастарға тәрбие және патриоттық сезім жағынан көп нәрселер қажет. Ұлттық ұлан академиясына түскен курсанттар өздерін көрсету керек, ертең олар әскери жағдайда сарбаздармен жұмыс жасай алуы керек. Неге десеңіздер, өзгеріп жатқан заманда көп нәрсеге жаңа көзқарас болу керек.
Яғни, жаңашылдыққа ұмтылған жөн. Әскери сала өкілдері пікір алмасса, тың әдіс-тәсілдерді қолданса, алға жылжу болады. Осы орайда бүгінгідей жиындардың маңызы зор.
БОЛАТ СМАҒҰЛОВ, ҚР Ұлттық ұланы академиясының тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыс циклінің бастығы:
– Технологияларды оқу үрдісінде қолданымыз, бірақ соншалықты кеңінен қолданып жатқан жоқпыз. Неге? Заман дамығанның үстінде дамуда. Оны қамтамасыз ету бар және педагогикалық әдіс-тәсілдер бар. Оның барлығын өзгертуге уақыт керек. Конференцияның соңында бір түйін шығарамыз деген ойдамын.
Бұл жиынға жергілікті университет оқытушылары офлайн, ал Қазақстанның өзге қалаларындағы мамандар онлайн режимде қатысты. Баяндама оқылды. Мінберге шыққан әрбір жан маңызды дүниелерге тоқталды.
ӘСЕМ БЕЛГІБЕКОВА, М.Қозыбаев атындағы СҚУ психология-педагогика факультетінің оқытушысы:
– Менің баяндамам эмоционалды интеллектің студенттер өмірінде маңыздылғы. Білім алушыларды ағымдағы бақылау болсын, емтихан, сессияда болсын, эмоционалды интеллекті зерттеу бойынша баяндама даярлап келдім.
Жалпы, қазір Ұлттық ұлан академиясында 100 шақты оқытушы жұмыс істейді. Ал білім алатын курсант саны 1 мыңға жуықтайды.
Мадина Каби