Құқық қорғау органдары

Полицейлер демалыс орындарын тексерді

– Это инспектор по делам несовершеннолетних, капитан полиции Жакина. Так, получается, это ваша сестрёнка? Нам родители нужны. Позвоните родителям, либо мама, либо папа, пусть приедут в кинорум.

Полиция қызметкерлері жастар арасында танымал демалыс орындарында рейд өткізді. Осындай орындардың бірінде түнгі сағат 22.00-ден кейін жүрген кәмелет жасына толмаған қыз бала анықталды. Айта кетейік, 18 жасқа толмаған жасөспірімдерге түнгі уақытта көңіл көтеретін жерде заңды өкілдерсіз болуға тыйым салынған. Тәртіп сақшылары оқушының ата-анасына қатысты әкімшілік хаттама толтырды.

ЗАРИМА ЖАКИНА, қалалық ПБ ювеналдық полиция бөлімшесінің аға инспекторы:

– Бүгінгі таңда ювеналдық полиция тобы кинологиялық қызметпен, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп, рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Рейдтің мақсаты – қылмысты болдырмау, жасөспірімдер арасында есірткі қылмысына жол бермеу.

Сондай-ақ, іс-шара барысында полиция қызметкерлері жаднамалар таратып, профилактикалық әңгімелесу жүргізді.

СЕЙІТ СЕЙТҚАЛИЕВ, қалалық ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің жедел уәкілі:

– Кез келген есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Телеграм-боттың жұмысы жайында да айтамыз. Бот арқылы барлық қажетті ақпаратты алуға болады. Онда есірткі қолданған адам мен есірткінің заңсыз айналымына қатысты және өзге де қылмыс туралы анонимді түрде хабарлауға болады.

Жыл басынан бері солтүстікқазақстандық жедел уәкілдер 18 профилактикалық рейд өткізді.

 

Гульден Симбаева