Білім

“Тәтті кітап” фестивалі

Қаладағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде “Тәтті кітап” атты фестиваль ұйымдастырылды. Ерекше сайыста ерекше торттар әзірленді.
Балалар көркем туындылар жайында сұрақтарға жауап беріп, қызықты квесттерге қатысты.

СӘНДІГҮЛ ТӘШЕТОВА, Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог-кітапханашысы:

– Өткізіп жатқан іс-шарамыздың негізгі мақсаты – оқушыларды кітап оқуға ынталандыру. Сонымен қатар, ата-аналарды, ұстаздарды, оқушыларды біріктіру. Менің ойымша, осындай шараларды өткізе отырып балаларға қазақ, орыс пен шетел классиктерінің шығармаларын таныстырамыз.

Жалпы, аталмыш фестиваль дәстүрлі іс-шараға айналған. Биыл 7-8 сыныптың оқушылары бой көрсетуде. Қатысушылар Төлен Әбдіковтың “Әке” повесі, Владимир Короленконың “Зындан балалары”, Бердібек Соқпақпаевтың “Он алты жасар чемпион” сынды шығармаларымен танысты. Белсенді қатысушылардың бірі Арлан Мұхаметғали алған әсерімен бөлісті.

АРЛАН МҰХАМЕТҒАЛИ, Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы:

– Осы іс-шара арқылы мен торт жасауды үйрендім, кітап оқыдым, сөздік қорыма жаңа сөздер қостым. Төлен Әбдіковтың өмірбаянымен таныстым. Мен осы шығармадан ата-ананы, өзге адамдарды құрметтеуді, оларды ренжітпей, сыйлауды үйрендім.

Фестиваль қорытындысы бойынша 1-ші орынды “Мағжан Жұмабаев” шаңырағының оқушылары, екіншіні – жалындықтар, ал үшінші орынды есілдіктер иеленді.