Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығын дамыту туралы семинар-тренинг өтті

Өңірде агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларды кредиттеу мәселесі бойынша республикалық семинар-тренинг өтті. Оған елдің түкпір-түкпірінен келген 150-ден астам шаруа қожалығының өкілдері қатысты. Сондай-ақ, Ураина, Беларусь елдерінің мамандары да келді.

ТЕМІР ТІЛЕУҚАЗЫҰЛЫ, семинарға қатысушы, Ұлытау облысы:

– Іріктеп жіберген кезде жақсы тұқымдарды өздеріне алып қалады. Жақсы еместері безге келеді. Соған тосқауыл қою қажет. Кірген күннің өзінде тексеру қажет.

МЕЙРАМ МЕҢДІБАЕВ, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы:

– Біз жалпы 2 жылдың ішінде 18 жобаны іске қостық. Оған 35 млрд қаржы бөлінді. Олардың барлығы іске кірісіп, жұмыс жасалып жатыр.

 

Гульден Симбаева