Өңірде әскерде жүрген 16 сарбаз жеңілдікпен оқу орнына түсті. Енді олар ЖОО-да тегін білім алады. Мұндай мүмкіндік жауынгерлік қабілеті мықты сарбаздарға беріледі. Бүгін Жастар сарайында білікті сарбаздарға тиісті сертификаттар берілді.
Оқуға түсу үшін облыста 400-ден астам жігіт сынақ тапсырыпты. Соның 16-сы ғана өткен.
6637 әскери бөлімнің сарбазы Ақжол Фермебек – максималды 900 баллдың 633-ін жинаған. Шекті ұпай – 600.
АҚЖОЛ ФЕРМЕБЕК, ҚР ҰҰ 6637 әскери бөлімінің сарбазы:
– Алматы қаласы археолог мамандығына түстім. Желтоқсан айында үйге қайтамын. 1:39/ Әрқайсысы өз қалаған жерлеріне түсті. Өзіме зерттеген ұнайды.
Сарбаздың тәртібі, жауынгерлік даярлық, психологиялық жағдайы – сынақ түрлерінің негізгілері осы. Ел бойынша конкурстық іріктеуге 17 мыңнан астам мерзімді қызметтегі сарбаз қатысқан. Былтыр қазан айында Қорғаныс министрлігі 70-ке жуық ЖОО-мен әскери міндеттін өтеген жастардың тегін білім алуы туралы келісім шартқа қол қойды. Көбінесе сарбаздар заңгер мамандығын таңдаған екен. Берілген сертификат 2 жылға дейін жарамды.
МАҚСАТ МҰҚАЕВ, ҚР ҰҰ 6637 әскери бөлімі командирінің орынбасары:
– Оның ішінде 6402 адам ҚР ҰҰ-нан. Барлығы – 1500 адамға орын бөлінді. Күштік құрылымдар бөлінісі бойынша ҚР ҰҰ – 621 орын алды. 2:39 Ай сайын сарбаздар емтихан тапсырды. Ол “Срочники 2.0” бағдарламасына енгізілді.
Талапкер-сарбаздарға сертификат беру салтанаты концертке ұласты.
Гульден Симбаева