Форумды ашқан Мәжіліс депутаты, Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитет төрағасы Еділ Жаңбыршин Мемлекет басшысы өз Жолдауында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласына ерекше назар аударғанын атап өтті.
“Үкімет ЭЫДҰ стандарттарын ескере отырып, қолданыстағы энергия тиімділігі саясатын түбегейлі қайта қарауы қажет. Бұл туралы Президент Жолдауында атап өтті. 2029 жылға қарай міндет-энергия тұтынудың және энергия сыйымдылығының негізгі көрсеткіштерін кемінде 15% – ға төмендету. Сондай — ақ, қалыптасқан энергия үнемдеу жүйесінің басталуы 2012 жылы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саясатының негізгі бағыттарын көздейтін арнайы заңның қабылдануымен айқындалды”, – деді Еділ Жаңбыршин.