10-қараша – цифрландыру жән ақпараттық технологиялар қызметкерлерінің күні. Цифрлық трансформация – қоғамның өмір сүру сапасын жақсартатын, еңбек өнімділігін өсуін қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі. Бұл саланың мамандары еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие деуге болады. Бүгін өңіріміздегі цифрлық технологиялар саласының білікті де білімді 6 маманы құрметке бөленді.
ДУЛАТ ЫСҚАҚОВ, облыстық цифрлық технологиялар басқармасы бөлімінің бас маманы:
– Бүгінгі шараға “АтисМед” компаниясының өкілдері келіп жобаларын таныстырып жатыр. Олардың ішінде медицина жағын жақсартуға болса, кейбірі қауіпсіздік жағына қарай арнаған. Осы жобалар іске асса, әрине, жақсы болатын еді деп ойлаймын.
Оқушылар сарайының IT бағыты бойынша директорының орынбасары Дамир Мұстафин жас буынның осы бағытта дайындаған жобаларына қысқаша тоқталып кетті.
ДАМИР МҰСТАФИН, Оқушылар сарайы директорының орынбасары:
– Мына жерде әр түрлі бағыттаға жобалар тізіліп тұр. Бұл – балалар мен осындағы мұғалімдердің бірге істеген жұмыстары. Олар алдымен концепциясын құрып алады, кейін детальдарын жинайды. Көбіне дрон тікұшақтарын көп құрастырады.
Сондай-ақ, жиын барысында осыдан 2 күн бұрын бастау алған хакатон сайысының қорытындысы жарияланды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. Айта кетейік, конкурс 15 пен 17, және 18 бен 22 жас аралығы бойынша 100-ге жуық қатысушының арасында өткізілген болатын. Бас жүлдеге Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің 4 курс студенттері – Иван Пухов пен Богдан Гайнутдиновтің жобалары лайық деп танылыпты. Қос жігітке 300 мың теңгелік сертификат сыйланды.
ИВАН ПУХОВ – “Hackaton” сайысының жеңімпазы:
– Біз бағдарламашы мамандығы бойынша білім алып жатырмыз. Хакатон сайысында “Ақылды қала” тақырыбы аясында жоба дайындадық. Біздің жасаған жасанды интеллект бойынша адамдар сауалнамада сұраққа жауап береді, яғни жанына жақынын таңдайды. Сол бойынша оған 1 жылға іс-шаралардың тізімі қойылып, жоспар құрылады. Бұл – біздің ең алғашқы ауқымды жеңісіміз. Алда әрі қарай қызықты дүниелерді ойлап табамыз деп ойлаймын.
Шара соңында құрметке бөленіп, сыйлық иеленгендер естелікке суретке түсті.