Білім

“Педагогикалық панорамалар идеясы” облыстық байқауының жеңімпаздары марапатталды

“Педагогикалық панорамалар идеясы”. Петропавлда қыркүйек пен қазан айлары аралығында педагогтар арасында облыстық байқау өтті. Бүгін
соның жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды. Бұл – дәстүрлі жарыс. Биылғы ерекшелігі – пәндер бойынша ғана емес, жан-жақты функционалды сауаттылық бағытында болған.

ГҮЛЗАТ ӘЛЖАНОВА, “Өрлеу” БАҰО” АҚ СҚО бойынша филиалының аға оқытушысы:

– Қазіргі заман талабына сай, функционалды сауаттылықтарын дамытуға бағытталған 12 бағыт бойынша жұмыстар іріктеліп, 1-ші, 2-ші және 3-ші дәрежелі дипломдармен мараппатталатын болады. Байқау өздерінің озық тәжірибесін, біліктілігін, педагогтердің имиджін арттыруға бағытталған және тәжірибе тарату бағытында өткізілді. Жалпы, көп жағдайда біздің облысымыздағы педагогтеріміз өздерінің оқыту процесіндегі үздік тәжірибелерін көрсетуге бағытталған жұмыстарын ұсынды.

Облыстық байқауға жан-жақтан 225 мұғалім қатысу туралы өтінім жіберген. Соның жартысына жуығы – қалалық мектептердің мұғалімдері. Нәтижесінде
30-ы – 3-ші орын, 21-і – 2-ші, ал 12-сі 1-ші орын иеленген. С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназиясынан 2 педагог қатысып, үздік үштікті тұйықтаған.

ӘСЕЛ ИСИНА, С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі:

– Конкурсқа жекелеген ұстаздар да, командалық жұмыстар да қабылданды. Жұмыстар әр түрлі бағытта болды. Биылғы конкурс біз үшін үлкен тәжірибе болды. Әзірше, біз 3-ші орынды алдық. Келесі жылдары біз жеңіске жетеміз деген ойдамыз.

Жеңіске жетіп, марапат алған ұстаздардың қуанышында шек жоқ. “Басқаларды үйрете жүріп өзіміз үйренеміз” демекші, мұғалімдер қауымы оқушыларды үйретіп қана қоймай, өздерінің де білім-білігін шыңдауда.

ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА – М.Қозыбаев атындағы СҚУ оқытушысы, қазылар алқасының мүшесі:

– Қазіргі уақытта оқушылар бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болу үшін, басқа пәндерге қызығушылығы жоғары болу үшін біз әр ұлттың мәдениетіне үйретуіміз керек. Әлемде әр түрлі қақтығыстар болып жатыр, соны тудырмау үшін, сауаттылық деңгейде біз оларды тәрбиелеуіміз керек. Сонымен осы конкурста мемлекеттік тілде және орыс тілінде, ағылшын тілінде 13 жұмысты өзім қарап шықтым. Маған ұнаған ғылыми жоба, бір жұмыс өте жақсы болды, ғылыми жобаны қалай жазу деген, екі мұғалім сұхбат алғандай көрсеткен екен – видеоподкаст.

Енді байқаудың жеңімпаздары елордада ертең бастау алатын республикалық байқауға қатысады.

 

Мадина Каби