Мандат

Мамлют аудандық мәслихатының депутаты Еркебұлан Балағанов

“Мандат” бағдарламасының кезекті қонағы – Мамлют аудандық мәслихатының депутаты Еркебұлан Балағанов. Азамат биыл алғаш рет депутат атанып отыр. Әзірге, ауданда 11 сессия өткен. Жиында мемлекеттік бағдарламалар мен халықтың әл-ауқатын дамытуға бағытталған жоспарлар жіпке тізілген. Ауқымды жұмыс Мамлютка қаласында атқарылған. Аудан орталығының бірнеше көшесіне асфальт, қиыршық тас төселіпті. Бике мен Қызыләскер ауылдарында да жол сапасы артқан. Аудандық аурухана да жөндеу көруде. Мамлюттіктер өз арыз-шағым, өтініштерін тек қабылдауларда ғана емес, әлеуметтік желілерде де белсенді түрде көтереді екен. Депутаттардың жеке парақшаларына хат жолдайтындар да баршылық.