Жуырда бас қаламызда халықаралық STEM Олимпиадасы өтті. Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатынан екі топ қатысыпты. Бірінші команда гран-при иеленсе, екіншісі 5-ші орынға тұрақтаған. Шығармашылық сайысқа жер-жерден 120-дан астам команда қатысқан екен.
АЙДЫН ҚАНАФИН, олимпиада жеңімпазы:
– Осы STEM Олимпиадалар сайысына бір апта бойы дайындалдық. Сайыс оңайға соқпады, көптеген қиындықтар болды. Жұмыла барлығын шеше алдық. Робототехникаға достарым арқылы қызыға бастадым. Бір жыл көлемінде робототехникамен өзімде көптеген қасиеттерді дамыта алдым. STEM -да бізге ғимарат тұрғызу керек болды жер сілкінісіне тойтарыс бере алатын.
Аталмыш білім ұясында құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген арнайы робототехникалық кабинет бар. Айта кетейік, мектеп оқушылары осындай олимпиадаларға белсенді түрде қатысады.
ӘДІЛБЕК БАЙЖАНОВ, Ә.Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты директорының орынбасары:
– STEM Олимпиадасы жыл сайын өткізіледі. ТМД елдерінен оқушылар қатысады. Биыл 120-ға жуық команда болды. Біздің мектептен екі команда топ жарды. Бірінші команда гран-при алды, екінші команда 5-ші орын алды. Оқушыларымыз екі-үш жылдай робототехника үйірмесіне қатысады. Сонымен қатар, төменгі сыныптар да бар. Робототехника дайындықтарын 7-8 сыныптардан бастаймыз.
Жеңімпаз атанған теріскейлік оқушыларға Астана IT университеті грант сыйлаған. Сонымен қатар, ноутбук табысталыпты.
Мадина Каби