Мәдениет

Темірбек Жүргеновтің дүниеге келгеніне – 125 жыл

“Жүргенов салған сара жол”. Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада қазақ тарихында өз атын қалдырған Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына орай әдеби кеші өтті.

ЖАҚСЫБАЙ САМРАТ, жазушы, журналист:

– Темірбек Жүргенов қазақтың алғашқы мәдениет ағарту халық комиссары болған адам. Қазіргі тілмен айтқанда министр деген. Ол кісінің білімі өте көп деп айтуға болады. Жүргенов өте іскер адам болған. Кеңес үкіметі орнағанда Өзбекістанда қаржы халық комиссары болып жұмыс істеген.

Темірбек Қараұлы – қоғам қайраткері. Оның есімі тек қана қазаққа ғана емес, барлық түркі жұртына мәлім. 1917 жылы Уфа қаласындағы жер шаруашылығы училищесіне оқуға түседі. Сонда оқып жүріп қоғамдық өмірге белсене ат салысады.
Кейін Ташкенттегі Қазақ педагогикалық институтының директоры болып тағайындалады. Жоғары оқу орындарына арналған саяси экономия және құқықтану пәндері бойынша оқу құралдарын қазақ тіліне аударған. Қазақ термелерінің жинағын құрастыруға ат салысқан.

ЖАМИЛЬ ҚАЙРАТҰЛЫ, С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының актері:

– Темірбек Жүргенов – “Темір нарком” біздің қазақ өнерінің, қазақ мәдениетінің негізін қалаушылардың бірі. Бұл кісі болмаса, өзіміз театрда жұмыс істегеннен кейін бе біздің де жұмыс болмайтын ба еді деген ойлар туындайды. Оның шығармашылыққа мәдениетке, үлкен драматургтерге, бишілерге, актерларға қосқан үлесі өте көп. Оның бір дәлелі: 20 ғасырдың бірінші жартысында Москвада қазақтың декадасын өткізуі, қазақ тарихында бірінші опера жасағаны.

Жиынға қатысушылар “Қазақ тарихындағы біртуар тұлға” атты кітап көрмесін тамашалады және Темірбек Жүргеновтің өмірбаяны мен еңбектері жайлы мол мағлұмат алды.

 

Мадина Каби