Қоғам

Жеке тұрғын үйлерге газ датчиктері орнатылуда

“АMANAT” партиясының облыстық филиалы кәсіпкер Владимир Витченконың қолдауымен әлеуметтік осал отбасылар үшін улы газға қарсы 100 датчик сатып алды. Төтенше жағдайлар қызметкерлері арнайы құрылғылардың бір бөлігін орнатып үлгерді. Заман игіліктері өрт немесе улы газбен улануға қатысты қайғылы жайттардың алдын алуға көмектеседі. Соңғы жылдары өңірде тиісті ережелерді сақтамау салдарынан көптеген тұрғын зардап шекті. Адам шығыны да тіркелді. Партиялықтар мен құтқарушылардың бірлескен акциясы аясында арнайы құрылғылар жыл соңына дейін көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға тегін түрде орнатылатын болады.

 

Гульден Симбаева