Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО-да аудан әкімдерін сайлау қорытындысы мәлім

Санақ аяқталды! Солтүстік Қазақстан облысында аудан әкімдерін сайлау қорытындысы жария етілді. Есіл, Мамлют және Тимирязев аудандарының басшысы атану үшін 8 кандидат додаға түсті. Оларға 35 846 адам дауыс беру құқығын иеленді. Алайда, 24 мыңнан астам ғана теріскейлік таңдау жасады. Ұсынылған дерекке сүйенсек, Тимирязев ауданның әкімі қызметін Ерлан Жаров атқара береді. Ол 10 есе басымдықпен жеңіске жетті.

САҒЫНДЫҚ РАХЫМЖАН, СҚО сайлау комиссиясының мүшесі:

– Есіл ауданы бойынша Мұхамедияров Мереке 8 419 дауыс жинады. Ал оның бәсекелесі Шаймергенов Серік 1630 дауыс жинады. Мамлют ауданы бойынша Жұмықов Мейірханға – 428, Исманов Абзалға – 604, ал Степаненко Еленаға 6 817 адам таңдау жасады.

 

Байболат Култанов