МТРА жаңалықтары

СҚО-да «Зымыран-2023» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті

М.Жұмабаев ауданында республикалық «Зымыран-2023» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Сценарий бойынша Булаево қаласының шетіне «Протон» зымыранының бөліктері құлады. Салдарынан апат орын алып, тұрғын үйлер мен ауыл шаруашылық нысандарына зақым келді. Мұндай сәтте жергілікті азаматтық қорғау қызметінің өкілдері жылдам әрекет етті. Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектепте дереу арада эвакуациялық пункт те құрылды.

КИРИЛЛ ИВАННИКОВ, СҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы:

– Бүгінгі шараға өртке қарсы қызметтің, радиациялық барлаудың, инженерлік-техникалық қызметтердің, сондай-ақ, медициналық ұйымдардың және жедел әрекет ету күштері мен құралдары тартылды. Мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесіне жүктелген барлық тапсырмалар толық көлемде орындалды. Мамандар өздерін жақсы қырынан көрсетті.

 

Байболат Култанов