Қоғам

Қызылжар ауданында үй жануарлары тегін есепке алынды

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап мысықтар мен иттер арнайы есепке қойылуда. Науқан аясында алдымен үй жануарының аты, жасы және тұқымы базаға енгізіледі. Кейін чип тағылады. Жабдық ветеринарлық клиникаларда 2,5 мың мен 8 мың теңгенің аралығында сатылады. Алайда, бүгін Қызылжар ауданында акция өтуде. Мұнда халықтың әлеуметтік осал топтары үшін қызмет тегін ұсынылды.

СЕРГЕЙ КАЛЯКИН, Қызылжар ауданының ветеринариялық станциясы директорының орынбасары:

– Бүгінде бюджет есебінен халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын тұрғындардың жануарларына чип тағып жатырмыз.
Олар: зейнеткерлер, бірінші және екінші топтағы мүгедектер және заңмен белгіленген басқа да адамдар. Процедура тегін жүргізіледі.

Чиптеу кезінде әрбір жануарға жеке сәйкестендіру нөмірі беріледі. Бұл жоғалған иттер мен мысықтарды тауып, қайтаруды жеңілдетеді, сонымен қатар, адамдарға үй жануарын шетелге еркін алып шығуға мүмкіндік береді. Тағы бір артықшылық – төртаяқты шабуыл жасаған жағдайда оның иесі оңай анықталады. Чип арнайы құрылғы арқылы сканерленеді.

СЕРГЕЙ КАЛЯКИН, Қызылжар ауданының ветеринариялық станциясы директорының орынбасары:

– Иттерге келетін болсақ, оларды адамдарға немесе басқа жануарларға шабуыл жасауға жол бермейтін жағдайда ұстау керек. Төртаяқтылар қарғыбаумен және тұмылдырықпен жүруі тиіс. Тиісті ережені бұзған немесе жануар шабуыл жасаған жағдайда, чип арқылы
иесін анықтауға және шара қолдануға мүмкіндігіміз бар.

Татьяна Овсянникованың үйінде төрт мысық пен екі ит бар. Азаматша ауылда чиптеу жүргізілетінін кездейсоқ біліпті. Оған SMS хабарлама келген екен.

ТАТЬЯНА ОВСЯННИКОВА, Боголюбово ауылының тұрғыны, Қызылжар ауданы:

– Как мы узнали? Нас оповестила наш аким Лариса Николаевна, написала в группу, что сегодня состоится это мероприятие.

Жануарды күтуші – оның иесі. Ветеринарлар осыны еске салады. Егер тұлға чиптеуден бас тартса, оған айыппұл салынады.

 

Байболат Култанов