Қоғам

Жемқорлыққа жол жоқ

Жемқорлықпен қалай күресеміз? Күресіп келе жатқалы бірнеше жылдың жүзі болды. Қоғамға әбден дендеп алған дертпен күрес тиімді болуы үшін не істеу керек. Тақырып облыс орталығында TEDx форматында ұйымдастырылған шарада талқыланды.
Жиында белсенді жастар өз пікірлерін білдірді. Облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы жастар ресурстық орталығының маманы Сәлімхан Сәбитов жемқорлықпен күреске жастарды тарту қажет дейді.

СӘЛІМХАН СӘБИТОВ, облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы жастар ресурстық орталығы маманы:

– “Кедергісіз келешек” бағдарламасы бойынша өзімнің ұсынымдарымды айтатын боламын. Жастарды белсенді ретінде шақыратын боламын. Себебі, олардың көмегімен біз барлығымыз бірлесе отырып, көптеген мәселелерді шеше аламыз. Жалпы, қазіргі уақытта барлығымыз өзіміздің құқықтарымызды білуіміз қажет.

Жиынға қалалық колледждерден 20-ға жуық студент қатысты. Солардың бірі – М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінде білім алып жүрген Ләззат Намазбай. Болашақ ағылшын тілі пәні мұғалімі адам бойындағы адалдық қасиетін бала кезден тәрбиелеу қажет дейді.

ЛӘЗЗАТ НАМАЗБАЙ, М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің студенті:

– Қазақстан жемқорлыққа қарсы көптеген іс-шара қолданылады. Мысалға айтатын болсақ, «Бизнеске бастау». Осы іс-шара арқылы жемқорлықты қалай жою керек екені айтылады. Егер бала кішкентайынан өтірік айтпауды үйренсе, адамдар мәселелерін ақшамен шешпесе, жемқорлықтың алдын алуға болады.

Жиын соңында жастар “Антикор” мамандарына сұрақтарын қойып, жемқорлықпен күресте атқарылып жатқан жұмыс жайлы білді.

 

Гульден Симбаева