«Қазтелерадио» АҚ үздіксіз және сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, ауқымды жоспарлы-профилактикалық жұмыс жүргізеді. Осыған байланысты аталған ұйым қазанның 8-інде сағат түнгі 3:00 пен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, жоспарлы профилактикалық жұмыс жүргізілетіні туралы хабарлайды.