СҚО әкімдігіАптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі полиция департаментінің материалдық-техникалық жарақтандырылуымен танысты

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов полиция департаментінің материалдық-техникалық базасымен танысты. Өңір жетекшісі жедел басқару орталығында болып, қызметтік автокөліктерді қарап шықты, кейін ведомстволық музейге бас сұқты. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жалпы ұзындығы 1300 км-ден астам республикалық, облыстық және аудандық маңыздағы жолдарда тәртіпті қадағалайды. Жақында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция батальонына «Кибер-шериф» деп аталатын заманауи екі мобильдік борттық аппараттық-бағдарламалық кешен берілді. Құрылғылар патрульдік автокөліктердің төбесіне орнатылады және жол жүрісі қағидаларының бұзушылықтарын автоматты түрде тіркейді. Жедел басқару орталығында облыс әкіміне бейнебақылау камералары мен «102» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері, қызметтік киімге тағылатын бейнетіркегіштердің жұмысы көрсетілді. Ғауез Нұрмұхамбетов мамандардың жұмысына оң бағасын беріп, полицияның заманауи техника және ресурстармен жарақтандырылуын кезең-кезеңімен нығайту қажет екендігін атап өтті.