Қоғам

Интернет-алаяқтармен күрестің жаңа тәсілі жария етілді

Қазақстанда депутаттардың бастамасымен интернет-алаяқтықпен күрестің жаңа тәсілі жария етілді. Енді азаматтарға банктік қарыздар мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуды белгілеу құқығы беріледі. Тыйым салуды “электрондық үкіметтегі” жеке кабинетте жасауға болады. Мұндай шара қарыздарды мақұлдау кезінде ескеріледі. Осының нәтижесінде үшінші тұлға, яғни алаяқ арам ойын жүзеге асыра алмайды. Егер қандай да бір әрекет тіркелсе, арнайы хабарлама азаматқа жолданады. Ел билігі қоғамдық проблемамен мықтап күресуге кірісті. Себебі, қулар күннен-күнге күш алып, ойларына келгенді істеуде. Өкінішке қарай, өңіріміздің өзінде жергілікті тұрғындарға келтірілген шығын шаш етектен.

АЙДЫН ҚАБДҰЛДИНОВ, СҚО ПД бастығы:

– Интернет-алаяқтық бойынша биыл 613 қылмыс тіркелді. 263 қылмыс үшінші тұлғалармен жасалған. 38 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Жыл басынан бері біздің тұрғындарға 713 млн теңгеге жуық көлемде шығын келтірілді. Оның 20 млн ғана қайтарылды.

 

Байболат Култанов