Аймақ басшысы қаланы аралау кезінде «Береке» ықшам ауданындағы жаңа өрт сөндіру бекетінің салыну барысымен танысты. Нысанның құрылысы 2022 жылдың қыркүйегінде бастау алды. Жоба құны 1 млрд теңгеден асады. Іске жауапты мердігер – «Альфа-Север» серіктестігі. Өрт сөндіру бекеті жоспар бойынша 2024 жылдың күзінде тапсырылуы тиіс. Нысан маңында бөлім қызметкерлеріне пәтер іспеттес жатақхана қарастырылған.
ЕРІК САРЫБАЕВ, СҚО ТЖД бастығы:
– Бұл комплексті қазір қысқаша аралап көрсетеміз. Ғимараттан бөлек ар жағында өрт сөндіру мұнарасы болады. Содан кейін жатақхана болады.
“Береке” ықшам ауданында 27 мың адам тұрады. Барлығы – 1700 үй бар. Одан бөлек 7 мектеп жұмыс істеп тұр. Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ерік Сарыбаевтың айтуынша аталған ықшам ауданда 7 бірдей мұнай өнімін сақтайтын база бар. Бұдан кейін Ғауез Нұрмұхамбетов «Зенченко және К» командиттік серіктестігінің сүт зауытына барды. Кәсіпорын өндірістік қуатын арттырып жатыр.
– Дополнительно еще на 3 тысячи квадратных метров помещение поставили.
– Здесь же?
– Да.
– Здесь же оборудование будете ставить по молоку?
– Часть нового оборудования из Германии пришла, часть еще в дороге.
«Қазетөнім» серіктестігінің өнімдері де елімізде зор сұранысқа ие.
– Все оборудование обновилось 5-6 лет назад.
– Сами брали или через займ?
– Мы, конечно, брали кредит.
Бұдан кейін облыс әкімі «ӘлемАстықЭкспорт» серіктестігінің элеваторында болды, «Петропавл бройлер» құс фабрикасының құрылыс барысымен танысты.
Гульден Симбаева