МТРА жаңалықтары

СҚО-да соңғы 2 күнде 29 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Көктайғақ келіп, жол-көлік оқиғалары жиілеп кетті. Облыста соңғы 2 күнде 30-ға жуығы тіркелген. Оның 20-ға жуығы бір күнде болған. Ешкім зардап шеккен жоқ. Тәртіп сақшылары көлік жүргізушілерінен жолдағы тәртіпті қатаң ұстануды сұрайды.

ДАНИЯР СӘРСЕКЕЕВ, СҚО ПД ППБ аға инспекторы:

– Жол қозғалысының барлық қатысушыларынан қырағылықты арттыруды, жылдамдықты азайтуды және көлік құралдарының арасындағы қашықтықты арттыруды сұраймыз.

Бұдан бөлек, тайғанақта түнде алыс жолға шықпау керек дейді мамандар.

БАЯН БАЙҒАСКИНА, СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы:

– Ауа райының қолайсыз жағдайларында елді мекендерден тыс шықпай, SMS-хабарламаларға назар аудару қажет. Жалпы, пайдалану жолдарында күнделікті 70 бірлік арнайы техника жұмыс істейді. Олар жолдарға құм шашып, қардан тазарту жұмыстарын жүргізеді.

Жыл басынан бері облыс жолдарында 270-ке жуық жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 34 адам қаза тапқан. 400-ге жуық адам жарақат алған.

 

Гульден Симбаева