Қазақстан жаңалықтары

Премьер-Министр халықтың шамадан тыс кредит алуы үлкен әлеуметтік-экономикалық проблемаға айналып бара жатқанын айтты

Мәселен, биылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша банктердің тұтыну кредиттерінің портфелі 9,2 трлн теңгені құраған. Бұл орайда бір қарыз алушыға шаққандағы берешектің орташа мөлшері шамамен 1,5 млн теңгені, ал проблемалық тұтыну кредиттері бойынша 1 млн теңгені құрайды.

«Кейбір азаматтар мерзімі өтіп кеткен кредиттерін жабу үшін одан да жоғары пайызбен жаңа кредиттер алады. Осылайша, шектеусіз кредит алып, қарызға белшесінен бата береді.», — деді Әлихан Смайылов.

Қазірдің өзінде Қазақстанның 8 өңірінде 45 мың адам қаржылық сауаттылық негіздері бойынша білім алды. 2023 жылдың соңына дейін 60 мың азаматты қамту жоспарлануда. Алдағы 3 жылда 550 мың оқушы мен студентті қаржылық сауаттылыққа оқыту, мектептер мен жоғары оқу орындарының 8 мыңнан астам оқытушысын даярлау, банктер мен микроқаржы ұйымдарының 200 мың қарыз алушысына көмек көрсету жоспарланып отыр.