Қоғам

Петропавлда қазақ тілін тегін үйрететін тегін курс бастау алды

Петропавлда «Сөйле» тілдесу клубының жұмысы қайта жанданды.
Бұл бастаманы «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты «Менің елім-менің тілім» республикалық жобасы аясында ұйымдастырып жатыр. Мақсат – мемлекеттік тілді меңгеруге ниетті жандарға тілді тез үйренуіне септесу. Еске сала кетейік, сабақтар тегін, аптасына 2 рет өткізіледі. Мұнда теориялық білімнен бөлек, қазақ тілінде сөйлеу мәнеріне де ерекше мән беріледі. Жыл басында ашылған клуб сабақтарына 50-ден астам адам қатысқан.