Қызметкерлер құжатқа портал және Enbek HR мобильді қосымшасы арқылы қол қоя алады. Бұрын еңбек шарттары қағазда жасалып, олар туралы ақпаратты кадр қызметтері Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізген.
Енді жұмыс берушілерге қажетті мәліметтерді толтыру үшін ыңғайлы конструкторды пайдалана отырып, порталда, оның ішінде “Еңбек шарттары” бөлімінде құжаттың жобасын жасауға немесе шарттың жеке файлын жүктеп, жұмыскердің жеке кабинетіне қол қоюға жіберуге мүмкіндік беріледі. Жаңа функция Enbek HR мобильді қосымшасында қолжетімді.