Хабарламада ТМД және Орталық Азия елдерінің арасында рейтингке тек Қазақстан ғана енгені аталып өткен.
Сонымен қатар рейтингте Қазақстан Еуропаның, Азияның және Американың көптеген елін – мысалы, Португалия, Италия, Венгрия, Хорватия, Үндістан, Польша, Румыния, Бразилия және Түркияны басып озды. IMD World Digital Competitiveness Ranking рейтингі таңдалған 63 елдің бизнесте, үкіметте және жалпы қоғамда цифрлық технологияларды қабылдауға және пайдалануға дайындығын салыстырады.