Мәдениет

Өңірде биыл 300-ден аса тарих пен мәдениет ескерткіші анықталған

Мәдени-тарихи үрдіс контексіндегі Солтүстік Қазақстан: тас дәуірінен бастап этнографиялық бүгінге дейін. Бүгін Манаш Қозыбаев атындағы СҚУ қабырғасында осындай атаумен дөңгелек үстел жиыны өтті. Осыдан тура 1 жыл бұрын ашылған Ә. Марғұлан атындағы Археология институты мен жергілікті филиалдық мамандары өңірде жүргізген зерттеу жұмыстарының қортытындысымен бөлісті.

ЖАНБОЛАТ ӨТЕБАЕВ, Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері, Алматы қаласы:

– Биылғы жұмыс бойынша 7 барлау жұмысын өткіздік. Барлығы – 300-ге тарта ескерткіш табылған болатын. Оның көбі этнографиялық ескерткіштер. Сонымен қатар, тас дәуірі мен қола дәуірінің қоныстары мен ерте темір кезінің оба түрінде сақталған қорымдар табылды. Одан кейін 18-19 ғасырлардың этнографиялық ескерткіштері, қазақтың қыстаулары табылды.

Жалпы, зерттеудің территориялық шеңбері – Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облысының аумағы. Ал қамтылған мерзім тас дәуірінен басталады.
Барлығы – 20-ға жуық археолог өңіріміздің 7 ауданында қазба жұмыстарын жүргізіпті.

ЖАНБОЛАТ ӨТЕБАЕВ, Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері, Алматы қаласы:

– Әр ауданға жекелей тоқталатын болсақ, әрқайсысының ерекшеліктері бар. Кейбір ауданның табиға климатына байланысты ескерткіштер аз кездесті. Ал жайлы климатты жерде көп шоғырланады. Бір өкініштісі, ескерткіштер болған жерлер жыртылып, егін салынуының кесірінен бүлінген.

Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде 50-ден аса тастан жасалған үйлер, 3 көне мешіттің орны мен 3 қорым анықталыпты. Бұл туралы жергілікті білім ордасының оқытушысы Анатолий Плешаков толығырақ баяндады.

АНАТОЛИЙ ПЛЕШАКОВ, М.Қозыбаев атындағы СҚУ құрметті профессоры:

– Облысымызда мезеолиттік-неолиттік Виноградовка 2 тұрағы, ерте темір дәуірінің Березовский обасы мен ортағасырлық Симоновка 11 кешені зерттеліп отыр. Барлығы – 7 жасақ жұмыс істеді. Соның 3-еуі Айыртау, Ғ.Мүсірепов, Есіл, Жамбыл, Мамлют, Тимирязев пен Шал ақын аудандарында болды.

Көктем мен күз мезгілінде жүргізілген жұмыстардың мақсаты – өңір ескерткіштерінің электронды мәліметтер қорын жасақтау. Осы жұмыс қазіргі уақытта жүріп жатыр.